Жапония әлем чемпионатына жолдама алды
Жапония құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Аустралиядан басым түсті – 2:0.
Матчтағы голдарды «Штутгарт» шабуылшысы Такума Асано мен «Гамба Осака» жартылай қорғаушысы Йосуке Идегути соқты.
Осылайша, Жапония 20 ұпай жинап, «В» тобында бірінші орын алды. Жапондар әлем чемпионатына жолдама алып қойған төртінші құрама болмақ.
Бұған дейін турнир қожайыны Ресейден бөлек, Бразилия мен Иран іріктеуден өткен болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или