«Астананың» қарсыласы клуб рекордын жаңартпақ

«Астананың» қарсыласы клуб рекордын жаңартпақ

«Астананың» Еуропа лигасындағы қарсыласы «Маккаби» (Тель-Авив) трансферлік уақыт біткенше қымбат ойыншы сатып алмақ.

Израильдік БАҚ-тың хабарлауынша, тель-авивтік ұжым жақын арада 27 жастағы даниялық жартылай қорғаушы Андерс Кристиансенді 3,7 миллион еуроға сатып алмақ. Кристиансен бүгінде швециялық «Мальмеде» ойнап жүр. Егер бұл трансфер жүзеге асса, ол «Маккабидің» тарихындағы рекордтық көрсеткіш болмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или