ФИФА агенті: «Барселона» Неймардың кететінін 10 мамырда білді

ФИФА агенті: «Барселона» Неймардың кететінін 10 мамырда білді

ФИФА агенті Хосе Мария Мингельяның айтуынша, «Барселонаның» басшылары шабуылшы Неймардың каталониялық клубтан кететінін мамырда білген. <br />Бразилиялық футболшы испаниялық клубтан «ПСЖ-ға» осы маусымның алдында ауысып кеткен болатын. Франциялықтар осы трансфер үшін 222 млн еуро берді. <br />«Барселона» Неймардың командадан кететінін 10 мамырдан бастап білді. Бұл туралы мен президент Бартомеу мен спорт директоры Фернандеске айтқанмын», - деді Мингелья. <br />Айта кетейік, Мингелья кезінде Лионель Мессиді Аргентинадан «Барселонаға» алып келген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или