Наджарян: Бар күшімізді саламыз
<span style="font-size: 14px; line-height: 1.3;">Қазақстан U-21 жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Геворг Наджарян 2019 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріндегі Черногория құрамасымен өтетін ойын алдында пікірін білдірді.</span>
<span style="font-size: 14px; line-height: 1.3;">«Дайындық өте жақсы. Барлығы маңызды кездесуге салмақты дайындалып жатыр. </span><span style="font-size: 14px; line-height: 1.3;">Команданың көңіл-күйі жақсы. Жақсы қарым-қатынас орнатылған. Жігіттердің барлығы жоғары жауапкершілік жүктелгенін түсінеді. Қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін жасыл алаңда бар күшімізді саламыз. </span><span style="font-size: 14px; line-height: 1.3;">Черногория құрамасы – салмақты қарсылас. Олардың құрамында мықты орындаушылар аз емес. Жаттықтырушылар штабы Черногория ойынының мығым және осал тұстарын көрсетті. Ойынның өте маңызды екенін тағы да қайталаймын. Сол себепті кездесуге тыңғылықты дайындықпен келеміз», - деді Геворг.</span>