Черногория құрамасында бір ғана қақпашы қалды

Черногория құрамасында бір ғана қақпашы қалды

Черногория жастар құрамасының қақпашысы Лазар Царевич жаттығуда тізесін жарақаттап алды.

Енді ол 2019 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстанға қарсы матчқа қатыса алмайды. Осылайша, черногиялық командада бір ғана голкипер қалды – Матия Саркич.

Айта кетейік, Қазақстан мен Черногория жастары 1 қыркүйекте Ақтөбеде күш сынасады. Матч жергілікті уақытпен 18:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или