Бонуччи: Рамос әлемдегі үздік қорғаушы
Италия құрамасының қорғаушысы Леонардо Бонуччи Әлем чемпионатына іріктеу аясындағы Испаниямен болатын ойында өз командасында жеңіске жету мүмкіндігі бар екенін атап өтті.
Сондай ақ ойыншы қарсылас команда қорғаушысы Серхио Рамосты да мақтап өтуді ұмытпады.
«Рамос әлемдегі үздік қорғаушы. Ол чемпиондар лигасында жеңіске жетті. Бізде Испания құрамасына айтарлықтай қиындық тудыра алатын жақсы команда бар. Жеңіске жету үшін аянып қалмайтынымыз анық. Алайда бұл қиынға соғатынын бәріміз де түсінеміз», - дейді Бонуччи.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или