Таэквондошы Бақытжан Әбілхасан әлем чемпионы атанды
Таэквондошы Бақытжан Әбілхасан (41келі) әлем чемпионатында барлық қарсыласын ұтты.
Жерлесіміз бес кездесу өткізді. Алғашқы кезеңде мексикалық қарсыласын, екінші айналымда болгар таеквондошысын қапы қалдырды. Ширек финалда түркиялық спортшыдан мықты екенін дәлелдеді. Жартылай финалда Бақытжан ливандық таеквондошыны еш қиындықсыз тізе бүктірді. Ал финалда ресейлік Магомедов Шамильден айласын асырып, алтын медаль иегері атанды.
Қазақстан ұрамасы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын 1 алтын және 1 қола медальмен аяқтады. <br />Естеріңізге салайық, жарыстың бірінші күні қыздар арасында Бакишева Рита қола жүлдегер атанған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или