Андрей Ярмоленко «Боруссия» клубына ауысты
«Динамо» ойыншысы Андрей Ярмоленко дортмундтық «Боруссия» клубына ауысты.
27 жасар ойыншы жаңа командасымен төрт жылдық келісімге келді.
Расталмаған ақпаратқа қарағанда неміс клуб украиналық ойыншы үшін 30 млн еуро төлеген.
«Менің «Динамо» клубына алғысым шексіз. Олар менің үлкен клубта ойнағым келген арманымды жүзеге асыруға септігін тигізді. Әрбір жаттығуда тиянақты жұмыс жасап, «Боруссия» клубына барынша көмектесетін боламын», — деді Ярмоленко.
Андрей Ярмоленко киевтік клуб қатарында 2008-жылдан бері ойнады. Клуб үшін 339 ойын өткізіп 137 гол соқты.
Сондай-ақ Украина құрамасы үшін 69 кездесуде 29 голдың авторы атанған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или