Руслан Есімов: «Таразбен» ойында екі ұпайдан айырылып қалдық
«Ертіс» футбол клубының қорғаушысы Руслан Есімов баспасөз қызметіне берген сұхбатында «Таразға» қарсы өткен матч жайлы пікірін білдірді.

— Қос команда үшін қиын ойын болды. Гол әсер еткендіктен, бірінші тайм ауыр жүрді. Екінші таймда ойын жүйесіне өзгеріс енгіздік, едәуір жақсарып қалдық. Өкінішке орай, көптеген мүмкіндіктерімізді мүлт жібердік.

— Біз бір ұпай иелендік пе, әлде, екі ұпай жоғалттық па?
— Меніңше, екі ұпайдан айырылып қалдық, бұдан да жақсы нәтижеге қол жеткізе алатын едік. Жалпы, ойынды алып қарасақ, біз тең есепке риза емеспіз.

— Сен бүгін орталық алаңда ойнадың, бұл позицияда өзіңді қалай сезіндің?
— Аса бір проблемалар болған жоқ. Бапкер нұсқау берсе, кез келген позицияда ойнауға дайынмын. Ең бастысы - командаға пайдамды тигізу.