«Маккабидің» бас бапкері «Астанамен» бір топқа түскеніне қынжылады

«Маккабидің» бас бапкері «Астанамен» бір топқа түскеніне қынжылады

Израильдік «Маккабидің» бас бапкері Йорди Кройф Еуропа лигасы топтық кезеңінің жеребесі жайлы ойын айтты. Жеребе қорытындысы бойынша израильдік ұжымға «Астана», испаниялық «Вильярреал» мен чехиялық «Славия» түскен болатын.

- Жеребенің алдында қарсыласыңның кім болатынын білмейсің. Біз қиын топқа тап болдық деп ойлаймын. Әдетте қарсылас ретінде өзің ұпай тартып ала алатын командаларды күтесің. Сегіз матчтан соң топтық кезеңге өткенімізге қуаныштымын. Әрине, екінші себетте болсақ та, үшінші себеттен өте мықты клуб («Астана») түскеніне қынжыламыз», - деді Кройф.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или