Франция U-21 құрамасының Қазақстанмен ойнайтын футболшылары белгілі
Франция жастар құрамасының бас бапкері 2019 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстана қарсы матчқа шақырту алған футболшыларды атады.
Тізімге 21 ойыншы енген. Матч 5 қыркүйекте франциялық Ле-Ман қаласында өтеді.
Қазақстанға қарсы матчтың алдында француз жастары Чилимен жолдастық кездесу өткізеді. Бұл матч 1 қыркүйекте өтеді. бұл күні Қазақстан іріктеу матчы аясында Черногорияны қабылдайды.
Франция жастар құрамасы:
Қақпашылар: Поль Бернардони («Клермон», Франция), Бингуру Камара («Страсбур», Франция), Альбан Ляфон («Тулуза», Франция);
Қорғаушылар: Келвин Амиан Аду («Тулуза», Франция), Муктар Диакаби («Лион», Франция), Абду Диалло («Майнц 05», Германия), Лукас Эрнандес («Атлетико Мадрид», Испания), Бенжамен Павар («Штутгарт», Германия), Ронаэль Пьер-Габриэль («Сент-Этьен», Германия), Маланг Сарр («Ницца», Франция);
Жартылай қорғаушылар: Маркус Коко («Генгам», Франция), Адама Диакаби («Монако», Франция), Ангело Фульгини («Анже», Франция), Амин Арит («Шальке 04», Германия), Максим Лопес («Марсель», Франция), Оливье Нтшам («Сельтик», Шотландия), Люка Тузар («Лион», Франция);
Шабуылшылар: Жан-Кевин Огюстен («РБ Лейпциг», Германия), Жонатан Бамба («Сент-Этьен», Франция), Лис Муссе («Борнмут, Англия), Аллан Сен-Максимен («Ницца», Франция).