БИІК келесі кезеңге бір қадам жақындады
Шымкенттік БИІК әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының екінші кезеңінде топтағы екінші матчын өткізді.
Ел чемпионы «Хайвалия» клубымен кездескен. Матч 1:0 есебімен шымкенттік клубтың пайдасына жазылды. Ойындағы жалғыз голды Гульнара Габелия соқты.
Айта кетейік, іріктеудің бұл тобы өз матчтарын Будапештте өткізіп жатыр. Алғашқы матчта «БИІК-Қазығұрт» «Спортингті» 2:0 есебімен жеңген болатын.
Енді шымкенттік футболшы қыздар соңғы матчта турнир қожайыны МТК-мен күш сынасады. «БИІК» бұл матчта жеңілмесе, топтан бірінші орынмен шығып, келесі кезеңге өтеді.
БИІК - Хайвалия - 1:0 (1:0)
Гол: Габелия 14

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или