«Астананың» қарсыласы Ла Лигада ұпай жинай алар емес

«Астананың» қарсыласы Ла Лигада ұпай жинай алар емес

«Реал Сосьедад» Испания чемпионатының екінші турында «Вильярреалды» ұтты.

Сан-Себастьяндағы «Аноэта» стадионында өткен кездесу 3:0 есебімен аяқталды.

Алаң иелері сапынан Виллиан Жозе, Хаби Прието және Хуанми гол соқты.

Екі турдан соң «Реал Сосьедад» алты ұпай жинаса, «Вильярреалдың» еншісінде ұпай жоқ.

Айта кетейік, «Вильярреал» Еуропа лигасының топтық кезеңінде «Астанамен» ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или