Ресми: Усман Дембеле - «Барселона» ойыншысы

Ресми: Усман Дембеле - «Барселона» ойыншысы

«Боруссия» мен «Барселона»  француздық шабуылшы Усман Дембеленің трансферіне келісті. 

Каталондық клуб шабуылшы үшін 105 млн еуро төлейді. 

«Барселона» ендігі жерде француздық ойыншыны сатып алатын клубтан 400 млн еуро сұрайтын болады.

Жексенбі күні Дембеле Испанияға келіп, дүйсенбі күні медициналық тексерістен өтеді деп күтілуде. 

Өткен маусымда Дембеле Бундеслиганың 32 ойынына қатысып 6 гол соққан.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или