Бекхэм: Руни – нағыз жеңімпаз футболшы

Бекхэм: Руни – нағыз жеңімпаз футболшы

Англия құрамасының бұрынғы ойыншысы Дэвид Бекхэм Ұлттық құрамаға Уэйн Рунидің маңыздылығы жоғары екенін айтты.

«17 жасар жас ойыншы Ұлттық құрама сапында алғашқы ойынын өткізген кезде капитан ретінде оған риза болдым. Ол құрамада көптен бері өнер көрсетіп жүргендей әсер танытты. Капитан үшін футболшыларының жігермен, намыспен, құлшыныспен ойнағандары маңызды.<br />Руни - нағыз жеңімпаз футболшы. Ол дәл осы қасиетінің арқасында талай клубтық және құрамада рекордтарды жаңартты. Рунидің Ұлттық құрама сапындағы мансабын аяқтау туралы шешім қабылдау көңіліме қаяу түсірді. Руниді жанкүйерлер шын жақсы көреді. Ол ерекше дарын иесі», - деп жазды Бекхэм Инстаграмдағы парақшасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или