«Qazsport» телеарнасы ЧЛ-ның жеребе тарту рәсімін көрсетеді
Бүгін, 24 тамыз Монако қаласындағы «Grimaldi Forum» залында Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтеді.
Жеребе тарту рәсімі тікелей эфирде «Qazsport» телеарнасына көре аласыздар. Трансляцияның басталуы 22:00-де. Бұл туралы телеарнаның ресми сайты хабарлады.
Сонымен қатар, Монакодағы жеребе тарту Жасөспірімдер арасындағы Чемпиондар лигасының топтық құрамын анықтайды.
Жеребе тарту кезінде үздік футболшыларды марапаттау рәсімі де өткізілмек:
УЕФА нұсқасы бойынша ерлер арасындағы жылдың үздік футболшысы
УЕФА нұсқасы бойынша әйелдер арасындағы жылдың үздік футболшысы
2016/17 маусымындағы Чемпиондар лигасының үздік қақпашысы
2016/17 маусымындағы Чемпиондар лигасының үздік қорғаушысы
2016/17 маусымындағы Чемпиондар лигасының үздік жартылай қорғаушысы
2016/17 маусымындағы Чемпиондар лигасының үздік шабуылшысы
Айта кетейік, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы матчтар 12-13 қыркүйекте өтеді.