Рүстем Сыбай Универсиаданың күміс медалін алды

Рүстем Сыбай Универсиаданың күміс медалін алды

Бүгін Тайбэйдегі Универсиадада ауыр атлетикадан 94 келіге дейінгі салмақта зілтеміршілер жарысты.

Қазақстандық ауыратлет Рүстем Сыбай екінші орын алып, күміс медальға қол жеткізді.

Рүстем қос жаттығудың қорытындысы бойынша 382 келіні бағындырды. Бұл салмақта ресейлік Егор КЛимонов алтын медаль иеленді. Ол біздің отандасымыздан 1 келіге көп көтерген.

Ал таиландтық Сарат Сумпрадит қола жүлдеге қол жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или