Хамитов өзін жекпе-жекке шақырған боксшыны итке теңеді
Аралас жекпе-жек шебері Қуат «Найман» Хамитов өзін кездесуге шақырған боксшы Әмірхан Тілеубековке жауап қатты.
Айта кетейік, Әмірхан Тілеубеков «Найманды» 26 қыркүйекте Астанада болатын бокс кешінде жекпе-жек өткізуге шақырған болатын.
«Мен былай жауап берейін: бір күні ит арыстанға келіп, оны жекпе-жекке шақырыпты. Алайда арыстан оған назарын да аудармаған. Сонда ит: «Егер сен менімен жекпе-жекке шықпасаң, мен барлық достарыма сенің менен қорқып жүргеніңді айтамын» - депті. Арыстан сонда былай деп жауап қатты: «Арыстан иттермен төбелесіп жүр екен дегеннен көрі, ол иттерден жасқанады екен деп айтқаны жақсы», - деп жазды Хамитов.
«Мені кімнің жекпе-жекке шақырғанын естімедім. Бірақ кім болса да, менімен бетпе-бет келетін адам лайықты қарсылас болсын! Әлемнің үш дүркін чемпионы және Азия мен Қытайдың үздік спортшысы кім көрінгенмен жұдырықтаса бермейді», - дейді «Найман».
Айта кетейік, бұл дау «Селтик» пен «Астана» матчынан басталған болатын. Елордалық клуб Шотландияда 0:5 есебімен жеңілген соң, Хамитов Қазақстанда футболды тоқтату керек деп сынаған еді. Алайда «Астана» қарымта ойында қарсыласын 4:3 есебімен жеңді. Әйтсе де, бұл есеп Қуаттың пікірін өзгертпеген.
«Бұл ойынның нәтижесі бірінші матчта-ақ шешіліп қойған. Екінші кездесуге жаңа ойыншылар, яғни қосалқы құрам келген. Сондықтан, ақымақтардың басқасынан бәрі де «Селтиктің» бұл матчқа қызығушылық танытпайтынын білді. Жалпы, барлық журналистер мен футбол жанкүйерлеріне айтарым: сіздер әлем чемпионатына барған кезде ғана маған футбол туралы сұрақ қойсаңыздар болады», - деп түйіндеді Қуат Хамитов.