Зидан келіссөзсіз мадридтік клубпен келісімшартын ұзартты
Мадридтік «Реалдың» бапкері Зинедин Зидан ешқандай келіссөз жүргізбестен мадридтік клубпен келісімшартты 2020 жылға дейін ұзартты, деп хабарлайды Marca.
Франциялық маман жаңа келісімнің қаржылық тұсын тіпті талқыламаған көрінеді. Зинедин Зидан «Реалмен» келісімшартты басшылардың тиімді деп тапқан шешімі бойынша ұзартқан, деп жазуда испаниялық басылымдар.
Айта кетейік, бұған дейін БАҚ өкілдері «Реалмен» жасалған жаңа келісімшартқа сәйкес Зиданның жалақысы жылына 4,35 млн еуродан 8 млн еуроға дейін жоғарылайтынын хабарлаған еді.
<br />
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или