Денис Ұланов - Универсиада чемпионы

Денис Ұланов - Универсиада чемпионы

<span>Қытайдың Тайбэй қаласында өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында Қазақстанның қоржынына тағы бір алтын медаль түсті. </span>

<span>Бұл жүлдені зілтемірші Денис Ұланов жеңіп алды. 85 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған ол қос жаттығуда 360 келіні (165+200) бағындырып, жеңімпаз атанды. </span>

<span>Денистен кейінгі екінші орынды армениялық Андраник Карапетян алды - 364 (170+194) кг. АЛ үздік үштікті кореялық Жанг Юнг Хак (354=163+191) еншіледі.  </span>

<span>Айта кетейік, бұл Қазақстанның осы жазғы Универсиададағы үшінші алтын жүлдесі болатын. Осылайша, Қазақстан құрамасы 9 жүлдемен (3 алтын, 1 күміс және 5 қола) жалпыкомандалық есепте тоғызыншы орынға көтерілді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или