Қазақстан U19 Польша мен Словенияда оқу-жаттығу жиындарын өткізеді
Оқу-жаттығу жиыны аясында біздің құрама Словения және Польша жасөспірімдер құрамаларымен жолдастық матч өткізеді.
19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы оқу-жаттығу жиынын 23 тамыз күні Талғардағы ұлттық құраманың базасында бастайды. 27 тамыз күні Словенияға жол тартады. Ол жақта 29 және 31 тамыз күндері Словения U19 құрамасымен екі жолдастық матч өткізеді.
1 қыркүйек күні біздің футболшылар Польшаға барады. Варшавада оқу-жаттығу жиыны 5 қыркүйекке дейін созылады. Польша U19 құрамасымен кездесу 4 қыркүйекке жоспарланған.
Оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың тізімі:
Қақпашылар: Владислав Сазонов («Ертіс»), Данил Устименко («Қайрат»);
Қорғаушылар: Айбар Нұрдалиев («Қайрат»), Дінмұхаммед Қашкен («Астана»), Кусяпов Талғат («Астана»), Ерасыл Аманжол («Атырау»), Санжар Батырханов («Жетісу»), Сағадат Тұрсынбай («Ордабасы»), Әліби Тұзақбаев («Рузаевка»);
Жартылай қорғаушылар: Дарын Сүйінов («Қайрат»), Мәди Жақыпбаев («Астана»), Сұлтан Сағнаев («Астана»), Гаврил Кан («Тараз»), Мұхит Жақсылық («Ордабасы»), Айдос Орал («Шахтер»), Жан-Әли Пайруз («Шахтер»), Максим Ваганов («Ордабасы»), Қалыбаев Диас (UNIÓ FB JÀBAC TERRASSA, Испания);
Шабуылшылар: Сұлтанбек Астанов («Қайрат»), Владислав Прокопенко («Астана»), Лев Скворцов («Астана»);
Жаттықтырушылар штабы: аға жаттықтырушы – Александр Кузнецов, аға жаттықтырушының көмекшісі – Игорь Маштаков, қақпашылардың жаттықтырушысы – Ерлан Тілеуқұлов, дәрігер – Ғалилбай Ахметов, массажист - Сергей Евдощенко, әкімші – Владимир Горячий, менеджер - Дінмұхамед Оралов.