«Астана» - «Селтик» матчында чехиялық төреші жұмыс істейді
Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф кезең аясында өтетін «Астана» мен шотландиялық «Селтик» арасындағы матчта чехиялық төреші қазылық етеді.
Ойынның бас төрешісі болып чехиялық Павел Краловец тағайындалды. Ал оған отандасы Иво Надворник пен словакиялық маман Роман Слишко көмектесетін болады.
Айта кетейік, бүгін Астана қаласында жергілікті уақытпен 21:30-да Станимир Стойловтың командасы шотландиялық клубпен күш сынасады. Алғашқы матчта елордалық ұжым 5:0 есебімен ұтылып қалған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или