Айдар Қазов — Универсиада чемпионы
Қазақстандық ауыр атлет Айдар Қазов Тайбэй елінде өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында алтыннан алқа тағынды.
77 келіде бақ сынаған ауыр атлетіміз серпе көтеруде 145 келіні бағындырды. Ал жұлқа көтеру сынында 186 келіні көтеріп, қарсылас шақ келтірмеді.
<span>Бір келіге қалып қойған ресейлік атлет Вячеслав Яркин 330 (150 + 180) көрсеткішімен күміс медальді жеңіп алса, 316 (147 + 169) келіні көтерген канадалық Алекс Бельмар үздік үштікті түйіндеді.</span>
<span>Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық суға жүзуші Дмитрий Баландин мен ауыр атлет Арли Чонтей қола жүлдені иеленсе, Альберт Линдер ауыр атлетикадан Универсиада чемпионы атанды.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или