Брендан Роджерс: Келесі кезеңге өтетінімізге сенемін

Брендан Роджерс: Келесі кезеңге өтетінімізге сенемін

Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңі аясында өтетін «Астанаға» қарсы қарымта кездесу алдында «Селтиктің» бас бапкері Брендан Роджерстің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

- Алғашқы кездесуді жақсы өткіздік. Ертең бастаған жұмысымызды аяқтау қалды. Келесі кезеңге өтетінімізге сенемін. Әлі де болсын дамып, топ клубтардың деңгейіне жетуге тырысамыз. «Астана» қорғаныста жақсы ойнайды. Шабуылшыларын да атап өткен жөн. Ертең гол соғатын мүмкіндіктері болатыны сөзсіз.

Негізгі құрамда кімдердің шығатыны әлі белгісіз. Соңғы жаттығудан соң кімнің алаңға шығатыны белгілі болады. Қазір есептің қандай болатыны маңызды емес. Маңыздысы біздің келесі кезеңге өтуіміз.

Командамыз шабуылда ойнайды деп ойлаймын. Мүмкін бірнеше өткір шабуылдар жасап, ары қарай қорғаныста ойнаймыз. Ертең бәрі белгілі болады. Ең бастысы келесі кезеңге өтуіміз болмақ, - дейді Брендан Роджерс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или