Иван Маевский: Жанкүйерлер қолдау көрсетсе жеңіске жетеміз
Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңі аясында өтетін «Селтикке» қарсы қарымта кездесу алдында «Астананың» жартылай қорғаушысы Иван Маевскийдің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.
- Қарымта қайтаруға тырысамыз. Бірінші ойында 5 гол жібермеу керек едік. Ел-жұрт әртүрлі пікір білдірді өткен жеңілістен кейін. Бірақ іштей кейімей, сапалы футбол көрсету үшін алаңға шығамыз.
- «Астана Аренада» жеңілмейтін дәстүріміз бар. Ертең қалайша қарсылық көрсете аламыз?
- Жанкүйерлер мықты қолдау көрсетсе жеңіске жету үшін барымызды саламыз.
- «Үйде» өз ойынымызды көрсете аламыз ба?
- «Селтик» бос кеңістікті дұрыс пайдаланады, соның арқасында көп гол соққан. Бұл жолы біз көбірек доп ұстап алаң қожайыны екенімізді көрсетеміз.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или