Станимир Стойлов: Келесі кезеңге өтуге «Селтик» жақынырақ

Станимир Стойлов: Келесі кезеңге өтуге «Селтик» жақынырақ

Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңі аясында өтетін «Селтикке» қарсы қарымта кездесу алдында «Астананың» бас бапкері Станимир Стойловтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

- Өткенде соққылардың бәрі қақпамызға кірді. Жігіттерде артынша күйзеліс болған, бірақ бапкерлік штаб қателерді түзеуге тырысты, - деп бастады сөзін Станимир Стойлов. - Ертеңгі матчта лайықты өнер көрсетуге тырысамыз. Марин Аничич ертеңгі ойынға дейін дайын болады. Оның көмегі бізге қажет. Бастысы ойынымыз түзелсе болды.

- Ғажайыпқа сенесіз бе?

- Футболда бәрі мүмкін. Бірақ мен өмірге тіке қарағанды ұнатамамын. Келесі кезеңге өтуге «Селтик» жақын.

- «Селтик» Чемпиондар Лигасында алысқа шаба ала ма?

- Егер топтық кезеңге өтсе, одан шыға алмауы мүмкін.

- Былтырғы маусымда «Барселона» қарымта кездесуде «ПСЖ» командасына 6:1 есебімен жеңіп, әлемді таңғалдырған еді. «Астана» қайталауы мүмкін бе?

- «Барселонаның» қолынан келеді. Ал бізге мұны қайталау өте қиын болады, - деді Станмир Стойлов

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или