Алматыда гольфтан балалар арасында ашық Қазақстан чемпионаты өтеді

Алматыда гольфтан балалар арасында ашық Қазақстан чемпионаты өтеді

<span>Тамыздың 23-і мен 24-і күндері «Нұртау» гольф-клубында осы спорт түрінен 5-17 жастар аралығындағы балалар арасында ашық ел чемпионаты өтеді.</span>

<span>Айта кетер жайт, жарысқа барлық қалаушылар қатыса алады. Сонымен қатар Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шетелдерден келген спортшылар да бақ сынасатын болады. Турнир Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп, гольфтан жаңа бағдарламаға сәйкес ақысыз ұйымдастырылады.</span>

<span>Естеріңізге сала кетсек, «Нұртау» гольф-клубының кәсіпқой бапкерлері 6-13 жастар аралығындағы балалар арасында тегін шеберлік сабақтарын күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін өткізеді. Әр жеткіншек өзіне ыңғайлы уақытты таңдап, аптасына екі мәрте гольфпен шұғылдануға мүмкіндіктері бар. Бірінші топтың жаттығулары таңғы 8:45-те басталса, қалған топтар кестеде көрсетілген уақыт бойынша: 10:00, 14:30, 15:45 және 17:00 өтеді.</span>

<span>Аталмыш кубок таңғы 10:00-де «Нұртау» гольф-клубының маңында басталады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен марапатталады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или