Стойчо Младенов: Біздің басты мақсатымыз – әр ойында ұпай иелену
Қызылордалық «Қайсардың» бас бапкері Стойчо Младенов Премьер-Лиганың 24-турында павлодарлық «Ертіске» қарсы өткен матч жайлы пікірін білдірді. Бұл ойын 0:0 есебімен аяқталды. <br /><br /><span>- Бүгін өте жақсы ойын болды деп есептеймін. Ойын көңілімнен шықты, тәртіптік тұрғыда барлық жігіттер сауатты өнер көрсетті. Соңғы он бес минутта қарсыластардың бір адамы шығып қалған соң көп нәрсе жасай алатын едік. Сол жақ қапталдан өткір шабуылдар орын алып жатты, бірақ, кездесу соңына дейін тереңнен шабуылдарды ұйымдастыр алмадық. </span>
— Маусым соңына қойылған мақсат қандай?
<span>— Біздің басты мақсатымыз – әр ойында ұпай иелену. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или