Вячеслав Грозный: Команданы екі жаттығумен «Барселонаға» айналдыру мүмкін емес

Вячеслав Грозный: Команданы екі жаттығумен «Барселонаға» айналдыру мүмкін емес

Павлодарлық «Ертістің» бас бапкері Вячеслав Грозный Премьер-Лиганың 24-турында қызылордалық «Қайсарға» қарсы өткен матч жайлы пікірін айтты. Бұл тартыс 0:0 есебімен аяқталды.

- Ойын біз күткендей тартысқа әрі қысымға толы болды. Қарсыластардың шабуыл тобы өте жылдам. Мәселен, Курьо, Аржанов және «Ертісте» ойнаған Джа Джедже мен команда капитаны Байжанов бар. Жинақы өнер көрсететін команда. Фонсека мен Фофананың сол жақ қапталдан қосылып жартылай зонаға ауысуы арқылы басым болуға тырыстық, жалпы, бірінші таймда бірнеше жақсы сәттер орын алды. Өте өткір шабуылдың аз болатынын нақты білдік. «Қайсар» биылғы маусымда стандартты жағдайлардан кем түсетін, осыны пайдаланып қалуға тырыстық. Дегенмен, екі жаттығу ішінде «Ертістен» «Барселонаны» жасау мүмкін емес. Бірінші таймда біздің команда гол соғуға жақын болды деп ойлаймын. Үзіліс кезінде түзетулер енгіздік. Бірінші таймда біз жекелей тартыстар мен әуедегі доптарға өте көп иелік еттік, бұл осыған дейін «Ертістің» статистикасында болмаған. Он адаммен қалғанда, амалсыздан ойынға жақсы кірген Калининді ауыстыру керек болдым, себебі, мен жарты сағат бойы команданы орталық қорғаушысыз қалдыра алмаймын. Қос команда бір-бірін меңгеріп білген, сондықтан өте өткір сәт орын алған жоқ.

- Маслач неге ойынға қатыспады?
- Атыраудағы кездесуде ол жарақат алып қалған, қазір Сербияда емделуде. Дүйсенбі күні қатарға қосылады деп ойлаймын.

Турнирдің аяқталуына 9 ойын бар, Еурокубогте ойнау мақсатын ешкім алып тастаған жоқ, сондықтан күресеміз, жас футболшыларға мүмкіндік береміз. Жеңіске жеткіміз келді, сәттілік жетіспеді. Қолдау берген жанкүйерлерге рахмет.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или