Оралда «Ақтөбеге» 200-ге жуық жанкүйер қолдау көрсетеді
Бүгін футболдан ел чемпионатының 24-турында «Ақтөбе» Оралға қонаққа барады.
Жергілікті «Ақжайыққа» қарсы матчта «ақ-қызылдар» қолдаусыз қалмайды. «Ақтөбе» өз фанаттары үшін Оралға апаратын автобус жалдаған. Басында Ақтөбеден Оралға 90 жанкүйер барады деп жоспарланған. Алайда тілек білдірушілердің саны көп болып, Ақтөбеден 140 жанкүйер жолға аттанды. Жалпы, матчта «Ақтөбені» 200-ге жуық жанкүйер қолдайды деп күтілуде.
Айта кетейік, «Ақжайық» - «Ақтөбе» матчы Астана уақытымен 19:00-де басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или