Суарес бір ай жасыл алаңға шықпайды

Суарес бір ай жасыл алаңға шықпайды

«Барселонаның» шабуылшысы Луис Суарес Испания Суперкубогы аясындағы «Реалға» (0:2) қарсы ойында жарақат алды.

30 жастағы уругвайлық шабуылшы шашамен төрт апта жасыл алаңға шықпайды. 

Демек, Суарес Испания чемпионатындағы «Бетис» (20 тамыз), «Алавес» (26 тамыз), «Эспаньол» (9 қыркүйек) және «Хетафеге» (17 қыркүйек) қарсы ойынға қатыспайды. Сондай-ақ, Уругвай құрамасының Аргентина (1 қыркүйек) мен Парагвайға (6 қыркүйек) қарсы кездесулеріне қатыса алмайды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или