«Тараз» директоры: Мен «Астанаға» сенемін

«Тараз» директоры: Мен «Астанаға» сенемін

«Тараз» ФК директоры Махамбет Дүйсембаев Чемпиондар лигасында «Селтиктен» оңбай ұтылған «Астанаға» қолдау көрсетті.

— «Астана» командасының жеңілісі біздің көңілімізді түсіріп отыр. Жанкүйерлердің де, ойыншылардың да. Бірақ, менің ойымша бұл «Астананың» Еуропа турнирлеріндегі соңғы ойыны емес. Жеңістер әлі алда, мен «Астанаға» сенемін! Клубтың Чемпиондар Лигасында жолы болмаса да, Еуропа Лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік бар. Біздің команданың осындай үлкен додаларға қатысып отырғанына біздер қуануымыз қажет. Жеңіліссіз жеңістер болмайды — бұл спорттың бұрыннан бергі заңы, - деді Дүйсембаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или