Қазақстандық футболшы қыздар Черногориядан басым түсті

Қазақстандық футболшы қыздар Черногориядан басым түсті

Беларусь астанасы Минск қаласында УЕФА Даму Кубогы басталды. Турнирге 17 жасқа дейінні қыздар қатысуда. Қазақстан құрамасы алғашқы ойында Черногория футболшыларымен кездесті. Бұл туралы ҚФФ ресми сайты хабарлады. 

Ойынның негізгі уақыты 0:0 есебімен тең аяқталды. Ал, матч соңындағы пенальти сериясында Орынбасар Дәуренбекова шәкірттері дәлдік танытты. Қазақстан құрамасынан пенальти тепкен қыздардың барлығы мүлт кетпеді. Олар - Назерке Шалмұқанбетова, Аида Артықбай, Александра Бурова, Әсел Көбесова, Әсемгүл Аруова.

Бүгін біздің қыздар Беларусь құрамасымен ойнайды. Алғашқы ойында алаң иелері Черногорияға 0:1 есебімен жол берген. 

Бірінші минуттан бастап алаңға шыққан футболшылар: Назым Исмаилова, Меруерт Болатбек, Эльвира Нарбек, Александра Бурова, Әсемгүл Аруова, Назерке Шалмұқанбетова, Әсел Көбесова, Сурая Шамшидинова, Фаиза Исмаилова, Анастасия Братченко, Батия-Райзел Багулли;

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или