Ресми: «Ертісті» украиналық маман Вячеслав Грозный жаттықтырады

Ресми: «Ертісті» украиналық маман Вячеслав Грозный жаттықтырады

<span style="color: #000000;">Бүгін павлодарлық «Ертістің» басшылығы клубтың жаңа бас бапкерін таныстырды. Енді «пентакампеондардың» тізгінін украиналық маман Вячеслав Грозный ұстайды, деп хабарлайды  клубтың ресми сайты. </span>

<span style="color: #000000;">Орталық стадионның баспасөз орталығында өткен кездесуде «Ертіс» клубының президенті Расул Оразғұлов жаңа бапкерге артылған міндеттерді атап өтті. Әуелгі кезекте, Қазақстан чемпионатының үздік төрт командасының қатарына еніп, келер жылы Еуропа Лигасында ойнау. Сонымен қатар, жергілікті жас футболшылардың потенциалын ашып, негізгі құрамда өздерін көрсетуге мүмкіндк беру.</span>

<span style="color: #000000;">- Біз жанкүйерлеріміз футболдан жақсы әсер алу үшін барлық жағдайды жасауға тырысамыз. Еуропа Лигасында өнер көрсету үшін жұмыс жасаймыз. Маусым соңында бәріміздің көңіліміз жақсы болады деп сенемін, - деді Вячеслав Грозный. </span>

<span style="color: #000000;">Келісімшарт жыл соңына дейін жасалды. Вячеслав Викторович бапкерлік жолын айтулы киевтік «Динамо» сапында бастады. Украина, Ресей, Болгария, Қазақстан елдеріндегі клубтарды жаттықтырған. Солардың қатарында, мәскеулік «Спартак», тбилисиялық «Динамо», «Торпедо» (Запарожье), «Терек» (Грозный), «Левски» (София), «Арсенал» (Киев), «Тобыл» (Қостанай) сынды ұжымдар бар.  </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или