ВИДЕО. Месси Рамосқа: Иттің ғана баласы...

ВИДЕО. Месси Рамосқа: Иттің ғана баласы...

«Барселона» клубының шабуылшысы әрі капитаны Лионель Месси Испания Суперкубогы үшін өткен кездесуде ашуына тиген «Реалдың» қорғаушысы Серхио Рамосты боқтап жіберді.

Бұл туралы Marca басылымы мәлімдеді. Мессидің Рамосты балағаттап жатқан сәті Tecno Sports арнасының YouTube каналында жарыққа шықты.

Ойынның 64-ші минутында Рамос допты Мессиге берудің орнына, одан асыра лақтырып, мазақ еткен. Испаниялық футболшының бұл қылығы Леоның ашуына тиіп, испан тілінде «La concha de tu madre!» деп боқтап жіберді. Біздің тілге аударғанда «иттің баласы» деген мағына береді.

Аталмыш кездесуде «Реал» «Барселонаны» 2:0 есебімен жеңіп, Испания Суперкубогын иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или