Черногория мен Францияға қарсы ойнайтын Қазақстан құрамасы жасақталды
Алдымен, 1 қыркүйек күні Ақтөбе қаласындағы Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда Черногория жастар құрамасын қабылдайды. Матч жергілікті уақытпен 18:00-де басталады. Ал, 5 қыркүйек күні Францияның Ле-Ман қаласында Франция жастар құрамасымен жолығады.
Еске сала кетейік, Қазақстан жастар құрамасы іріктеу турнирінің тоғызыншы тобындағы алғашқы ойынды наурыз айында сырт алаңда Люксембург құрамасымен өткізіп, 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді.
Қазақстан жастар құрамасының кеңейтілген тізімі:
Қақпашылар: Тимурбек Закиров («Қызыл-Жар СК»), Дмитрий Колбунцов («Жетісу»), Игорь Трофимец («Ақтөбе»);
Қорғаушылар: Дәурен Мәжитов («Атырау»), Айбол Әбікен, Ескендір Қыбырай (екеуі де - «Қайрат»), Сұлтан Әбілғазы («Оқжетпес»), Бекзат Шадманов («Тараз»), Руслан Әлімбаев («Шахтер»), Айбол Жақаев («Қайсар»), Карам Сұлтанов («Қызыл-Жар СК»);
Жартылай қорғаушылар: Дидар Жалмұқан («Тобыл»), Бактиер Зайнутдинов («Тараз»), Геворг Наджарян («Шахтер»), Юрий Перцух, Иван Антипов (екеуі де - «Ақжайық»), Қуаныш Қалмұратов («Атырау»), Демият Сламбеков («Жетісу»), Александр Соколенко, Рашид Люхай (екеуі де - «Қайрат»);
Шабуылшылар: Максим Федин («Оқжетпес»), Оралхан Өміртаев («Шахтер»), Еркебұлан Сейдахмет («Тараз»), Самат Сәрсенов («Қайрат»);
Резерв: қақпашы - Сұлтан Бұсырманов («Тобыл»), қорғаушылар - Максим Чалкин («Рузаевка»), Сағадат Тұрсынбай («Ордабасы»), жартылай қорғаушылар - Артем Попов («Ертіс»), Рамазан Оразов («Қайрат»), Самат Шәмші («Қайрат»), шабуылшылар - Едіге Оралбай («Мақтаарал»), Ақмал Бақтияров, Артем Шушеначев (екеуі де - «Қайрат»).
Жаттықтырушылар штабы: Владимир Никитенко - аға жаттықтырушы, Юрий Коньков - аға жаттықтырушының көмекшісі, Николай Родионов - қақпашылардың жаттықтырушысы, Петр Пустовар - жаттықтырушы-кеңесші, Тимур Құсайынов - сарапшы, Александр Корнилов - массажист, Александр Брейткрейц - менеджер, Ербол Мұсабаев - әкімші.