Роналду: Мені бес матчқа жазалау жөнсіздік

Роналду: Мені бес матчқа жазалау жөнсіздік

Мадридтік «Реал» мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Инстаграмдағы парақшасында бес матчтан шеттетілуіне байланысты пікірін білдірді. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі жазды.

«Менің ойымша, бұл шектен тыс асыра сілтеушілік және жөнсіздік! Бұл ізге түсу дегендік. Әріптестерім мен жанкүйерлеріме қолдау білдіргендері үшін рахмет, - деп жазды Роналду.

Еске сала кетсек, 32 жастағы шабуылшы Испания Суперкубогы аясындағы алғашқы матчта  ойын кезінде қызыл қағаз алып, төрешіні арқасынан итеріп жіберген болатын. Сол үшін ол бес матчқа алаңнан шеттетілген еді. «Реал» бірден апелляцияға берді, бірақ жаза өз күшінде қалды.

«Барселонамен» қарымта ойын 17 тамызды өтеді. Роналду қуылған алғашқы матчта «Реал» «Барселонаны» 3:1 есебімен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или