Станимир Стойлов: Алдағы ойында барымызды саламыз

Станимир Стойлов: Алдағы ойында барымызды саламыз

«Астана» командасының бас бапкері Станимир Стойлов УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде Глазгода «Селтикпен» болатын ойынның алдында журналистер сұрағына жауап берді.

- Ойынға деген жаттығулар жақсы жүргізіліп жатыр. Ойыншылардың барлығы қатарда. Білемін, бұл кездесу бізге оңай болмайды. Соған қарамастан біздің жігіттер басты мақсаттарына, яғни Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтеді деген үміттемін.
- Қазақстан премьер-лигасының соңғы «Ордабасы» және «Ақтөбемен» болған матчтарда бірқатар белгілі футболшылар төбе көрсетпеді. Олардың жай-күйі қалай? «Селтикпен» болатын ойынға қатыспайтындар бар ма?
- Джордже Деспотович жүз пайыз қатыспайды. Ал Марин Аничичқа келетін болсақ, матчқа дейін қатарға қосылып кетеді деген үміт бар.
- Өткен маусымда «Селтикпен» болған ойындағы төрешілер шешімі әділ болды дей аласыз ба?
- Төрешілер туралы жаман айта алмаймын. «Астана» өз алаңында мықты болғанымен, қарымта кездесуде «Селтик» Глазгода бір бас жоғары ойнады. Біз төрешілер шешімімен санаспаймыз, қалай қабылдады, солай болады. Ал ертеңгі ойында болатын төрешілердің жұмысына риза боламыз деген ойдамын.
- Ертеңгі ойынның атмосферасына байланысты командаңызға қандай талап қойып отырсыз?
- Менің ойымша бұл ертеңгі ойынның ерекше сәті. Өткен жылы ойыншыларымызды эмоция құртқан болатын. Ертеңгі ойында бәрінің жақсы болатындығына сенімдімін. Естен шығармауымыз керек, бұл екі ойыннан тұрады, тек бір матчтан ғана емес. Ақтық деміміз қалғанша ойнаймыз.
- УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықсаңыздар, ол қазақ футболына не береді, қандай нәтиже алып келеді?
- Қазақ футболының қандай да бір нәтиже алып келетінін дәл басып айту қиын. Еуропа бойынша есепке алсақ дәлі қазір «Астананың» коэффициенті өте төмен. «Легиямен» болған ойыннан кейін командадағы жігіттерге біздің Қазақстан футболына үлкен төңкеріс жасағанымызды айттым. Біздің алдымызда Қазақстан атынан еурококубоктардың топтық кезеңінде бір ғана команда ойнаған, ол – «Шахтер» (Қарағанды).
- Ертеңгі ойында «Астана» үшін қандай есеп қолайлы, нәтижелі деп ойлайсыз?
- Келесі бейсенбі күні өтетін УЕФА Чемпиондар Лигасы топтық кезеңінің жеребе тарту рәсіміне қатысатын болсақ болды, бізді кез келген есеп қанағаттандырады. «Астана» басшылығының негізгі мақсаты – еурокубоктардың топтық кезеңіне жолдама алу. Бұл бүгінгі күні орындалып тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или