УЕФА ең үздік ойыншылар тізімін жариялады

УЕФА ең үздік ойыншылар тізімін жариялады

УЕФА өзінің ресми сайтында  жылдың ең үздік футболшысы атағына үміткерлердің есімдерін жариялады.

Үздік үштікке Португалия құрамасы мен мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду, Аргентина мен каталондық «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси және Италия құрамасы мен туриндік «Ювентустың» қақпашысы Джанлуиджи Буффон кірді.

Үздік ондыққа кірген өзге футболшылар:
4: Лука Модрич (Хорватия, «Реал») 
5: Тони Кроос (Германия, «Реал»)
6: Пауло Дибала (Аргентина, «Ювентус»)
7: Серхио Рамос (Испания, «Реал»)
8: Килиан Мбаппе (Франция, «Монако»)
9: Роберт Левандовски (Польша, «Бавария")
10: Златан Ибрагимович (Швеция, «Манчестер Юнайтед»)

Еуропа футбол қауымдастығы одағы кәріқұрлықтың үздік футболшысын 24 тамыз күні Монако қаласында Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребе тастау рәсімінде салтанатты жағдайда жария етеді. 

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или