Қазақстан жастар құрамасының кеңейтілген тізімі
27-ші тамыз күні Қазақстан жастар құрамасы Ақтөбеде оқу-жаттығу жиынын бастайды.
Владимир Никитенко шәкірттері қыркүйек айында 2019 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінің аясында екі ойын өткізеді.
Алдымен, қыркүйектің 1-і Ақтөбе қаласындағы Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда Черногория жастар құрамасын қабылдайды. Матч жергілікті уақытпен 18:00-де басталады. Ал, 5 қыркүйек күні Францияның Ле-Ман қаласында Франция жастар құрамасымен жолығады.
Еске сала кетейік, Қазақстан жастар құрамасы іріктеу турнирінің тоғызыншы тобындағы алғашқы ойынды наурыз айында сырт алаңда Люксембург құрамасымен өткізіп, 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді.
Қазақстан жастар құрамасының кеңейтілген тізімі:
Қақпашылар: Тимурбек Закиров («Қызыл-Жар СК»), Дмитрий Колбунцов («Жетісу»), Игорь Трофимец («Ақтөбе»);
Қорғаушылар: Дәурен Мәжитов («Атырау»), Айбол Әбікен, Ескендір Қыбырай (екеуі де - Қайрат), Сұлтан Әбілғазы (Оқжетпес), Бекзат Шадманов (Тараз), Руслан Әлімбаев (Шахтер), Айбол Жақаев (Қайсар), Карам Сұлтанов («Қызыл-Жар СК»);
Жартылай қорғаушылар: Дидар Жалмұқан (Тобыл), Бактиер Зайнутдинов (Тараз), Геворг Наджарян (Шахтер), Юрий Перцух, Иван Антипов (екеуі де - Ақжайық), Қуаныш Қалмұратов (Атырау), Демият Сламбеков (Жетісу), Александр Соколенко, Рашид Люхай (екеуі де - Қайрат);
Шабуылшылар: Максим Федин (Оқжетпес), Оралхан Өміртаев (Шахтер), Еркебұлан Сейдахмет (Тараз), Самат Сәрсенов (Қайрат);
Резерв: қақпашы - Сұлтан Бұсырманов (Тобыл), қорғаушылар - Максим Чалкин (Рузаевка), Сағадат Тұрсынбай (Ордабасы), жартылай қорғаушылар - Артем Попов (Ертіс), Рамазан Оразов (Қайрат), Самат Шәмші (Қайрат), шабуылшылар - Едіге Оралбай (Мақтаарал), Ақмал Бақтияров, Артем Шушеначев (екеуі де - Қайрат).
Жаттықтырушылар штабы: Владимир Никитенко - аға жаттықтырушы, Юрий Коньков - аға жаттықтырушының көмекшісі, Николай Родионов - қақпашылардың жаттықтырушысы, Петр Пустовар - жаттықтырушы-кеңесші, Тимур Құсайынов - сарапшы, Александр Корнилов - массажист, Александр Брейткрейц - менеджер, Ербол Мұсабаев - әкімші. <br />
ҚФФ-ның ресми сайтынан алынды*