Титов: «Астана» Шотландияда жеңілмейді
Мәскеулік «Спартактың» бұрынғы капитаны Егор Титов бүгін Шотландияда өтетін «Селтик» - «Астана» матчына өз болжамын айтты.
- Өте қызық ойын болмақ. Бұл кездесуде «Селтикті» фаворит санамаймын. Глазголық клуб бұрынғыдай мықты емес. Бұған қоса ішкі біріншіліктері әлсіздерді. «Астана» керісінше бабында, былтыр топтық кезеңде ойнаған «Легияны» жарыс жолынан шығарды. Менің ойымша, Қазақстан чемпионы Шотландияда жеңілмейді, - деді атақты ресейлік футболшы.
Естеріңізге сала кетсек, Егор Титов кезінде елордалық «Локомотивтің» намысын қорғаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или