«Селтик» - «Астана» арасындағы ойынға Овидиу Хацеган төрелік етеді

«Селтик» - «Астана» арасындағы ойынға Овидиу Хацеган төрелік етеді

«Астана» клубы ертең Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф бәсекесінде Шотландияның 48 дүркін чемпионы «Селтикпен» кездеседі.

Бұл ойынға қазылық ететіндердің арасында өткен жылы Глазгодағы ойынның бас төреші болған Иштаван Ковач та бар.

Румын төрешісі былтырғы жылы Ненад Эричтің қақпасына екі пенальти белгілеп, Дмитрий Шомко мен Игорь Шитовты алаңнан қуған болатын. Дегемен өткен маусыммен салыстырғанда елордалық команданың өз алаңында өткізетін қарымта ойыны бар. Оның үстіне Ковач бұл жолы бас төреші емес, тек қақпа сызығын бақылайтын қосымша ассистент ретінде тағайындалды.

Ал матчтың бас төрешісі ретінде Овидиу Хацеган бекітілді. 37 жастағы румын «Селтик» үшін «аса қолайлы» төреші емес. Ол қазылық еткенде 2016 жылы «Селтик» Испанияның «Барселона» клубынан 0:7 есебімен жеңіліп қалды.

Жалпы, Хацеган өте тәжірибелі төреші. Бұған дейін Еуропа лигасының жартылай финалында, Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде, жастар және жасөспірімдер арасындағы Еуропа және әлем чемпионаттарында қызмет атқарған.

Қазақстандық командалардың ойнына әлі қазылық етіп көрмеген. Овидиуға Октавиан Совре мен Себастьян Георге көмектеседі. Қосымша ассистент болып, Иштван Ковач пен Себастьян Колтесу тағайындалды. Төрешілердің барлығы Румыниядан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или