Павлодарда 19 жылдан соң академиялық есу бөлімі қайта ашылады

Павлодарда 19 жылдан соң академиялық есу бөлімі қайта ашылады

Ертең Павлодарда спорттың ойын түрлері және мүгедектер спорты бойынша балалар-жасөспірімдердің спорт мектебі базасында академиялық есу бөлімі ашылады.

Айта кетейік, аталмыш бөлім 1972 жыл ашылған болатын, алайда қаржы тапшылығына байланысты 1998 жылы өз жұмысын тоқтатты.

Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айбек Қабиевтың айтуынша, қайта жаңғырту жұмыстарына 67,4 млн теңге бөлінген.

- Спорттық инвентарь мен арнайы жабдықтар сатып алынды, - дейді Айбек Қабиев. – Екі кішкене кеме, 12 қайық, алты жаттығу құрылғысы, 51 қайық ескегі, кемелердің тіркегіші, қашықтықтан басқарылатын екі моторлы қайық және тағы басқа қажетті құралдар бар. «Қазақстан Энерго» ЖШС Усолка өзенінде қайықтарға арналған эллинг орнатты, құны 9,4 миллион теңгені құрады. Академиялық есу бойынша 11-12 жастағы ұл-қыздардан құралған екі топ жасақталды.

Қоса кетерлігі, көпшілік спотты дамыту мақсатында Павлодардағы №1 БЖСМ базасында 32,4 млн теңгеге триатлон бөлімі ашылды, 100 велосипед пен қажетті жабдықтар алу үшін конкурс жарияланды. Дзюдо күресінен «Батыр» БЖСМ құны 4,7 млн теңгелік үш татами алынды. Ал, ауылдық елді-мекендегі қазақ күресін дамыту үшін 3,7 млн теңгеге балалар-жастар спорт орталығына күрес маталары алынды.

Дене шынықтыру және спорт бөлімі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, қалада 105,5 мың адам спортпен шұғылданады, оның ішінде 5000 адам – ауылдық жерде. Бұл Павлодар қаласындағы жалпы халықтың 29,4 %-ын құрайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или