Алматыда регбиден Қазақстан чемпионатының 5-ші туры  өтеді

Алматыда регбиден Қазақстан чемпионатының 5-ші туры  өтеді

Тамыздың 16-ы мен 17-і күндері «Авиатор» стадионында  сағат 10.00-де регби 7-ден ел біріншілігінің 5-ші  туры өтеді.

Жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жоғарғы лиганың 8 ерлер  және 6 әйелдер  командалары бақ сынайтын болады.

Чемпионат салауатты өмір салтын насихаттау, регбиді елге таныту, жастар мен жасөспірімдерді осы спорт түріне қызықтыру және үздік спортшылар мен командаларды анықтау мақсатында өткізіледі.

Еске сала кетсек, ел біріншілігі жалпы 7 кезеңнен тұрады. Жарыс қорытындысы бойынша үздік ұжымдар  анықталады.  Әзірге, 4 кезеңнің нәтижесі бойынша  Талдықорған, Алматы  және Маңғыстау облысының командалары  көш басында тұр.

Өткізілетін уақыты: сағат 10.00

Мекен-жайы: Майлин 42\1 көшесі

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или