Лория «Ертіс» сапында 130 матч өткізді
Қазақстан ұлттық құрамасының және «Ертіс» футбол клубының қақпашысы, команда капитаны Давид Лория павлодарлық клубтың жейдесінде 130 матч өткізді.
Бұл туралы «Ертіс» ФК-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Премьер-Лиганың 23-турында «Ертіс» сырт алаңда «Атырау» командасымен кездесті. Бұл матч 35 жастағы қақпашы үшін «Ертіс» жейдесіндегі 130-ыншы ойыны болып тіркелді.

Айта кетейік, Давид 2010 жылдың 22-наурызында павлодарлық клуб сапындағы алғашқы ойынын оралдық «Ақжайыққа» қарсы өткізді.

«Ертістің» Қазақстан чемпионаттарында ең көп матч өткізген қақпашылары:
1. Юрий Новиков — 166 матч;
2. Юрий Ишутин — 147 ;
3. Давид Лория — 130;
4. Даниил Рихард — 79;
5. Владимир Цирин — 74.