Роналду бес ойынға шеттетілді
Испания Суперкубогының финалында төрешіні итерген Криштину Роналду бес ойынға шеттетілді.
Аталмыш оқиға ойынның хаттамасына енген еді. Ал бүгін португалиялықтың ісі бойынша шешім шығып, футболшы бес ойынға шеттету алды.
Естеріңізге салайық, Роналду төрешіні матчтың 82-минутында итеріп жіберген. Ол ойында «Реал» «Барселонаны» 3:1 есебімен ұтқан болатын.
Айта кетейік, Роналду 16 тамызда өтетін қарымта кездесуге қатыспайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или