Спорттық жүруден жоғарғы нәтижеміз - 47 орын
Жеңіл атлетикадан Лондонда өтіп жатқан әлем чемпионатында спорттық жүру жарысынан 20 шақырымдық бәйгелер аяқталды.
Спорттық жүру жарысынан әйелдер арасындағы 20 шақырымдық бәйге өте жоғары қарқында басталды. <span>20 шақырымды 1 сағат 26 минут 18 секундта басып өткен қытай қыздары алтыннан алқа тағынды.</span>
20 шақырымдық бәйгені Диана Айдосова 47-орынмен аяқтады. Уақыты – 1 сағат 38 минут 16 секунд. Осы маусымдағы ең жоғарғы көрсеткіші. Ал Полина Репина 50-ші, ал Регина Рыкова 52-ші орындарға табан тіреді. Олардың уақыттары – 1:39:56 және 1:41:59. Жүлделі орындарға Қытай, Мексика және Италия спортшылары ие болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или