«Барселона» «Реалдан» оңбай ұтылды
Футболдан Испания суперкубогының бірінші матчында «Барселона» өз алаңында «Реалды» ұта алмады.
«Камп Ноу» стадионында өрбіген тартысты ойын 1:3 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Алдымен, Марселоның соққысынан кейін Пике өз қақпасына гол соғып жіберді. Артынша Месси пенальтиден таразы басын теңестірді. Ал кездесудің 80-ші минутында Роналду әдемі соққымен өз командасын есепте алға шығарды. Араға екі минут салып Криштиану симуляция жасағаны үшін алаңнан қуылды. 90-шы минутта Асенсио нәтижені қорытындылады.
Қарымта матч үш күннен кейін Мадрид қаласында өтеді.
Испания суперкубогы. Бірінші матч
«Барселона» - «Реал» - 1:3 (0:0)
Голдар: Месси 77 (пенальтиден) - Пике (автогол) 50, Роналду 80, Асенсио 90
Алаңнан қуылды: Роналду 82
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или