«Ақжайық» 12 матчтық жеңіліссіз сериясын тоқтатты
Оралдық «Ақжайық» сырт алаңда «Тараздан» басым түсіп, жеңіссіз сериясына тоқтау қойды.
Таразда өткен кездесу голға бай болған жоқ. Матч тағдырын бір ғана гол шешті. Алаң иелерінің өкінішке қарай, бұл голды қонақтар соқты. 72-минутта Дмитрий Шмидт «Ақжайықты» алға шығарған. Қорытынды есеп – 0:1, оралдықтар маңызды жеңісіне қол жеткізді.
Осы жеңістің арқасында «Ақжайық» 19 ұпаймен 11-ші орынға көтеріліп, «Ақтөбені» соңғы орынға жіберді. Ал «Тараз» 27 ұпаймен 8-ші сатыда келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или