Болттың жарақат алуына ұйымдастырушылар кінәлі ме
Жеңіл атлеттер, олимпиада чемпиондары Омар Маклеод және Йохан Блейк, сондай-ақ, олардың әріптесі Джулиан Форте жеңіл атлетикадан Лондонда өткен әлем чемпионаты барысындағы Усэйн Болт жарақатының жауапкершілігін жарыс ұйымдастырушыларына жүктеді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
<span>Маклеод Mirror басылымына Болттың жүгіру жолына шыққанша тоңып қалғандықтан жарақат алғандығын мәлім еткен. </span>
<span>Кідіріс бірден басқа үш спортшыны марапаттау шарасын өткізгендіктен туған. Маклеодтың айтуынша, Болтқа үнемі бой жазып, денесін қыздырып тұруына тура келген. Оның өзі де бұл жағдайдың қалыптан тыс келеңсіздік екендін айтқан. </span>
<span>Бұған дейін хабарланғандай, Лондондағы жеңіл атлетикадан өткен әлем чемпионатында аты аңызға айналған ямайкалық спринтер Усэйн Болт 4х100 эстафетасында жарақат алды. Болт мәреге жетер алдында аяғы ақсаңдап, жүгіру жолына құлап түскен. </span>
<span>Айта кетейік, бұған дейін сегіз дүркін олимпиада чемпионы Усэйн Болт 2017 жылғы әлем чемпионаты оның спорттық мансабындағы соңғы турнир болатындығын мәлім еткен болатын. </span>